2023 жылдың үздік фильмдері

Киноиндустрия үнемі дамып келеді. Көрермен талғамы да әр жыл сайын жаңаруда. Бүгін біз қаралым және сатылым жағынан ең жоғары табысқа ие болған үздік 10 фильмнің тізімін жасадық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1. Фреддидегі бес түн ( Five Nights at Freddy's )

"Фреддидегі бес түн" - бұл ешкімді бейжай қалдырмайтын қорқынышты туынды. Танымал туынды ойынға негізделген. Көпшілікті экранға байлап қоятын туындыны көрген кезде қорқынышты аниматроника әлемін және шытырманға толы оқиғаларды көресіз.

2. Оппенхеймер (Oppenheimer)

Фильмде екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ядролық физик, атом бомбасын жасаушы Роберт Оппенхеймердің өмірі туралы баяндалады. Режиссер әрі сценарист Кристофер Нолан кезекті туындысында триллер элементтері бар биографиялық фильм. Басты рөлдерді Киллиан Мерфи, Эмили Блант, кіші Роберт Дауни және Флоренс Пью сомдады.

3. Галактика Сақшылары. 3 бөлім ( Guardians of the Galaxy Vol. 3)

Marvel кино әлеміндегі бұл фантастикалық фильм сізге галактикааралық шытырман оқиғалар мен супер қаһармандардың белгісіз тұсы туралы тың дерек береді. Фильмде галактика сақшылары зұлымдықпен күресіп, жаңа қауіпке тап болады.

4. Аспан патшасы ( Chang kong zhi wang)

Фильм әлемді өзгерткен әйгілі аэронавт және инженер Френсиско Гавирия туралы драма. Шығарма керемет декорациясымен, эмоционалды көріністерімен сондай-ақ тарихи оқиғалары арқылы есте қалады.

5. BTS: Yet to Come in Cinemas

Бұл деректі фильм Оңтүстік Кореяның BTS тобының өмірі мен шығармашылығы туралы. Фильмде топ мүшелерінің өмірі, олардың бастарынан өткерген  қиындықтары мен жетістіктері көрсетіледі.

"BTS: yet to Come in Cinemas" - бұл топтың жанкүйерлеріне ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Кореяның мәдениеті мен өнеріне саяхат.

6. Барби

Барби – отбасымен бірге көруге арналған фильм. Кезекті америкалық қиял-ғажайып комедиясының режиссері Грета Гервиг. Грета Гервиг пен Ноа Баумбах жазған фильм сценарийі Mattel компаниясының Барби ойыншықтарының сериясына негізделген. Фильмде Барби мен Кен рөлдерін Марго Робби мен Райан Гослинг ойнады.

7. Патхан (Pathaan)

Үлкен шабуылдың алдын алатын арнайы агент туралы үнділік экшн-фильм. Фильмде басты кейіпкер Патханның елге зиян келтіруге тырысқан зұлым Джиммен қақтығысы туралы баяндалады. Үнді киноиндустриясының бұл экшн-фильмі күрес пен қудалаудың қызықты көріністерін, сондай-ақ басты кейіпкердің шытырман оқиғаларын ұсынады. Фильм өзінің динамикасымен және сюжеттің бірқалыпты болмауымен таң қалдырады.

8. Кентавр

Фильмде такси жүргізушісі Саша мен оның жолаушысы Лиза екеуінің қауіп пен қорқынышқа толы бір түні туралы көрсетіледі. Сонымен қатар фильм керемет актерлік шеберлікпен таң қалдырады және қызықты көріністер мен керемет визуализацияны ұсынады.

9. The Covenant

Фильмнің сюжетті әсерлі, сонымен қатар фильмнің сюжетінде қазіргі саясаттың күрделілігі мен жаһандық мәселелер қозғалады. Фильмде Ауғанстанда қызмет еткен Америка армиясының сержанты Джон Кинли мен оның аудармашысы Ахмед туралы баяндалады.

10. Джон Уик 4

Шей Хаттеннің сценарийі бойынша Чад Стахелски режиссерлік еткен экшн-фильм жанрындағы америкалық көркем фильм. Фильм аты аңызға айналған жалдамалы Джон Уиктің оқиғасын жалғастырады. Ол өзінің жылдамдығымен, энергиясымен және қылмыстың қатыгез әлеміне енуімен көрерменді қызықтырды.

Саяжан Құдайберген

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ Фильмдерден скрин
Өзгелердің жаңалығы