2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру жоспарлануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.

Оның сөзінше, 2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру жоспарланып отыр.

Бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау бойынша министрлік келесі ұсыныстарды пысықтауда. Бірінші, ШОБ-тан корпоративтік табыс салығы түсімдерін беру тетігіне ұқсас, 2023 жылдан бастап салықтың жекелеген түрлерін жергілікті деңгейге беру жоспарланып отыр. Екінші, орталық пен өңір арасындағы қарама-қарсы қаржы ағындарын азайту ұсынылады, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы