2022 жылы Маңғыстауға 300 мыңнан астам турист келді – облыс әкімі
2022 жылы Маңғыстауға 300 мыңнан астам турист келді. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды.
Өңірдің туризм саласын дамытудың маңызы жылдан жылға артып келеді. Қызығушылық танытып келетін туристердің де қатары көп. Оны саладағы оң динамикадан да байқауға болады, - деді өңір басшысы брифингте.
Ноғаевтың мәліметінше, 2022 жылы салада көрсетілген қызметтер көлемі 11,5 млрд теңгені құрап, 1,6 есеге өсті.
Өңірге шетелдер мен ел аймақтарынан 310 мыңнан астам турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артық. Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымына тікелей байланысты. Оның ішінде туристердің әуе көлігімен келуі үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр, - Маңғыстау облысының әкімі брифингте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы