2022 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы жылы ТМД-ның мәдени астанасы Қырғызстанның Қаракөл қаласы болады.
Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттігі хабарлады.
Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, 18 желтоқсанда Садриддин Айни атындағы Тәжік мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Душанбе – ТМД-ның мәдени астанасы – 2021» жылының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Іс-шарада 2022 жылғы эстафета Қаракөл қаласына берілді, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында жол апатынан әйел адам мен нәресте көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы