2021 жылы Павлодар облысына 500 қандас қоныс аударады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің оңтүстік өңірінен Павлодар облысына 2600 адам қоныс аударады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі онлайн форматта өткізген баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова айтты.Оның ішінде 500-і – өзге мемлекеттерден келетін қандастар. Бағдарламаның негізгі қағидаты – біздің өңірге қажет білікті кадрларды тарту. Біріншіден кезекте білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласына қажет мамандар тартылады. 2020 жылы мұғалімдер, дәрігерлер, медбикелер мен механизаторлар көшіп келген еді, - дейді Альмира Дисюпова.
Басқарма басшысының айтуынша, Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбінесе Павлодар өңірін көбінесе таңдайды. «Нұрлы Ертіс» бағдарламасымен Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударған 1546 отбасының екеуі климатқа шыдамаған соң қайта көшіп кеткен.
Қоныс аударушылардың 54% еңбекке қабілетті жаста, олардың басым бөлігі жұмысқа орналасқан. 5% өз ісін ашуға гранттар алса, 3% кәсіпкерлікпен айналысады, тағы сонша адам кәсіптік оқудан өтеді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткен жылы еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушылар үшін 307 пәтер сатып алынды. Олардың 75-і қоныстанып үлгерген, - дейді Альмира Дисюпова.
Қоныс аударушыларға 232 пәтер берілді: 45-і Павлодар қаласында, 63 пәтер Ақсу қаласында және Железин мен Май аудандарында 45 пәтер жалға ұсынылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы