2021 жылы Халықаралық хоккей федерациясының құрылтайы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Санк-Петербургте халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) құрылтайы өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Құрылтайда халықаралық хоккей федерациясының басшысы сайланады.Біз сайлауды осы жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың қыркүйегіне ауыстыру туралы шешім қабылдадық. Алдағы 15 айда президент мансабында қызметімді жалғастырамын, - деп мәлімдеме жасады IIHF Рене Фазель.
Жоспар бойынша құрылтай 2020 жылға жоспарланған болатын. Делегаттар толық құрамда қатыса алмайтын болғандықтан құрылтай бір жылға кейінге шегерілген.
Айта кетерлігі, Рене Фазель 1994 жылдан бері халықаралық хоккей федерациясының президенті қызметін атқарады.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бейсенбі, 28 мамырға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы