2021 жылы Қазақстан биатлоннан ашық Азия чемпионатын қабылдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Щучинск қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы ашық Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы Қазақстан биатлон федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Балалар мен жасөспірімер спортын қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстанда алғаш рет биатлоннан Жасөспірімдер арасындағы ашық Азия біріншілігі ұйымдастырылады. Тығыз әріптестік нәтижесінде Халықаралық биатлоншылар одағынан (IBU) ресми түрде келісім алынды. Халықаралық жарысты Щучинсктегі шаңғы-биатлон кешені қабылдауға дайын, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Щучинсктегі шаңғы-биатлон кешені халықаралық стандарттарға толығымен сай келетіндігін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балқашта 30 көпбалалы отбасы пәтер алды
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы