2021 жылы елдің экологиясы қалай жақсартылатыны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында биыл экологиялық жағдайды жақсарту аясында атқарылатын іс-шараларға тоқталды.
Бүгінгі таңда қоғам экологиялық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Пірімқұловтың айтуынша, өңірлердің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша 418 табиғат қорғау іс-шарасын қарастыратын 16 жол картасына қол қойылды.
Мемлекет басшысының Үкіметтің 2021 жылы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында министрлік қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту, өсімдік және жануарлар дүниесін сақтау, елді ауқымды көгалдандыру бойынша «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлейді, - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ ол 2021 жылға арналған негізгі бағыттарға тоқталды.
Жаңа экологиялық кодексті іске асыру аясында Заңға тәуекелді актілерді әзірлеу, жасыл өсу шараларын қоса алғанда, 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасын бекіту, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларына аукциондық іріктеу өткізу, 2021-2024 жылдарға арналған Жайық және Ертіс трансшекаралық өзендері бассейндерінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бағдарламасы іс-шараларын іске асыру. Сондай-ақ кешенді технологиялар аудитін өткізу, - деп айтты вице-министр биылғы атқарылатын шаралар жайында.
Сонымен қатар өңірлердің экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі жол карталары шаралары іске асырылады.
Экологиялық құндылықты нығайту үшін жүйелі негізде «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық акциялары өткізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Waste to energy: 6 қалада қоқыс жағатын зауыттар салынады
Өзгелердің жаңалығы