2021 жылға жастар және отбасы саясаты саласында қандай шаралар жоспарланған?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында вице-министр Асхат Ораловтың төрағалығымен өткен АҚДМ жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің онлайн отырысы барысында айтылды.
Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Баймановтың айтуынша, жастар мәселесі – біздің мемлекеттік саясаттағы басым бағыттардың бірі. 2020 жылы жастар саясаты саласында одан әрі дамуына әсер ететін көптеген жұмыс атқарылды, нақты нәтижелерге қол жеткізілді.
Жастар жылы аясындағы жол картасы шеңберінде шаралар кешенін іске асыру жалғасып, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру аяқталды. 2020 жылы жүргізілген кең ауқымды ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыстардың басым бөлігі 2021 жылы бастау алатын жоспарланып отырған мемлекеттік жастар саясаты туралы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін нақты негіздерді айқындады, - деді ол.
Ол жастар құндылығы құрылымында отбасы, денсаулық және достықтың басымдығы сақталып келе жатқанын айтты.
Сонымен қатар жаңа құрылым мен форматтан басқа, қолданбалы сипатқа бағытталған «Қазақстан жастары – 2020» Ұлттық баяндамасын дайындау барысында қолданылды. Әлеуметтік зерттеудің қорытындылары бойынша жастар құндылықтарының құрылымында бірнеше жыл бойы отбасы, денсаулық және достық құндылықтарының басымдығы сақталуда, - деді ол.
2021 жылға жастар және отбасы саясаты саласында төмендегідей түйінді міндеттер мен іс-шараларды іске асыру жоспарланған.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеу, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру және оны одан әрі толықтыру, «Тәуелсіздік ұрпағы» ұлттық жобасын іске асыру, гранттық және әлеуметтік жобаларды бастау, сондай-ақ оларды өңірлерде іске асыру, - деді ол.