2021: Ауыл әкімдерін сайлау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Қазақстанда 2346 әкім бар. Осы жылдың соңына дейін шамамен 775 әкімді сайлау жоспарланған. 

Осы санаттағы қалған әкімдерді тікелей сайлау олардың өкілеттіктерінің аяқталу мерзімінің әртүрлі болуына байланысты 2022-2025 жылдары өтеді. 

Республика бойынша барлығы 2322 кандидат тіркелді. Оның ішінде 1455 адам (62,7%) – өзін-өзі ұсынғандар болса, 867 адамды (37,3%) саяси партиялар ұсынған.

Саяси партиялардың ішінде ең көп кандидатты Nur Otan партиясы ұсынған. Екінші орында «Ауыл» болса, үшінші орында Қазақстан халық партиясы. ADAL мен AQJOL партиялары төртінші және бесінші орынды өзара бөліскен. Ал алтыншы орында Жалпыұлттық социал-демократиялық партия. 


Айта кетейік, осы сайлауда сайлаушылардың БАРЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ДАУЫС беру мүмкіндігі бар. 

Сайлау науқанының мерзімі 30 күнді құрайды.

Сайлаудан кейін нәтижелер үш күн ішінде шығарылады, ал жеті күн ішінде - сайланған әкімді тіркеу жүргізіледі.

Жалпы ауыл әкімдерінің сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен шамамен 17,6 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде биыл 4,8 млрд теңге бөлінеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Видео: Асанәлі БАҚЫТОВ
Өзгелердің жаңалығы