Еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 10-11 ақпан күндеріндегі ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жариялады.
Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында қатты жауын-шашынның болжануына байланысты сел түсуі және су деңгейінің көтерілуі мүмкін.
10 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау қаласында түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы