2020 жылы Жамбыл облысында іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы 2020 жылы Жамбыл облысындағы ұрлықтың алдын алу және тергеу жұмыстарының қорытындысы туралы өткен брифингте Криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Мадимаров баяндады.
Криминалдық полицияның жұмысы іздестіру жұмыстарымен де байланысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл волонтер жылы деп жарияланғанын бәріміз білеміз. Өткен жыл оңай болған жоқ, еріктілердің көмегін азаматтар ғана емес, біз де сезіндік. Атап айтсақ, Жамбыл облысы аумағында екі волонтерлік ұйым тіркелген. Олар оқушылар мен студенттерден құралған «Жамбыл облысы Жібек жолы жастары волонтерлік қозғалысы» және 35 еріктіден құралған «LIDER.KZ» волонтерлік іздестіру қозғалысы, - деді ол.
Еріктілер ұйымдары мәдени-бұқаралық іс-шаралардан бөлек, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, олардың орналасқан жерін анықтауға бағытталған іздестіру және өзге де іс-шараларға қатысып, құқық қорғау органдарына көмектерін көрсетті.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының ПД-ы хабар-ошарсыз кеткен 130 адамның орналасқан жерін анықтады. Олардың жартысынан көбі кезекші тәулікте, яғни өтініш түскеннен кейінгі алғашқы күні іздестіріліп табылды, - деп атап өтті Ардақ Мадимаров.
Сондай-ақ, оның айтуынша, 2020 жылы іздеуде жүрген кісі өлтірген 6 қылмыскер ұсталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нотариустардың жұмысын жеңілдететін заң жобасы қабылданды
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы