2020 жылы сұранысқа ие болатын 15 мамандық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіби байланыс орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісі 2020 жылы сұранысқа ие болатын мамандықтарды атады, деп жазады Massaget.kz. Тізімдегі мамандықтың көбі ақпараттық технологиямен байланысты.
1. Жасанды интеллект маманы
Мамандық сипаты: жасанды интеллект технологиясын енгізумен айналысатын маман. Керек дағды: машинамен оқытуды меңгеру, TensorFlow, Python, табиғи тілді өңдеу.
2. Робототехник-инженер
Мамандық сипаты: робот жасайтын маман. Керек дағды: робот жобасын жасай алу, UiPath, Blue Prism, процестерді автоматизациялау.
3. Деректер аналитикасы маманы
(Data Scientist) Мамандық сипаты: үлкен массив дерекерді өңдеп, талдап, сақтайтын маман. Керек дағды: деректердің статистикалық талдауын жасау, математикалық модельдерді жасай алу, үлкен массив деректермен жұмыс істей білу.
4. Full-stack маманы
Мамандық сипаты: тұтас веб-қосымша (қолданбалы және сервер) жасайтын маман. Керек дағды: React.js, Node.js, JavaScript, AngularJS.
5. Сайт беріктігінің инженері
(Site Reliability Engineer) Мамандық сипаты: қосымшаның, сайттың берік, сенімді жұмысын қамтамасыз ететін инженер-программист. Керек дағды: сайтқа, қосымшаға жаңа технологияларды таңдап, енгізу.
6. Клиент жағдайын жасайтын маман
(Customer Success Specialists) Мамандық сипаты: клиенттің сервиске көңілі толғанын, сервис мүмкіндіктерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін маман. Керек дағды: маркетинг, жарнама, қаржы қызметі, ақпараттық технология.
7. Сату маманы
Мамандық сипаты: клиенттерге тауардың артықшылығын айтып бере алатын маман. Керек дағды: сата білу, лидер болу, эмпатия.
8. Дата-инженер
Мамандық сипаты: деректерді алуға, өңдеуге, жүктеуге қабілетті маман. Керек дағды: Apache Spark, Hadoop, Python, Extract/Transform / Load (ETL), Amazon Web Services.
9. Психиатр, мінез-құлық психологы
Мамандық сипаты: кәсіби көмек көрсететін, консультация беретін психотерапевт. Керек дағды: мінез-құлықты талдай білу, аутизм спектріндегі ауытқуды анықтай алу, кәсіби білім.
10. Киберқауіпсіздік маманы
Мамандық сипаты: ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маман. Керек дағды: жобаның осал жерін анықтай алу, қолданушы деректерінің қауіпсіздігін қамтамсыз ету.
11. Back-end маманы
Мамандық сипаты: веб-қосымшаның әкімшілік-бағдарламалық бөлігімен, жүйенің ішкі мазмұнымен, деректер базасымен, архитектурасы мен бағдарлама логикасымен айналысатын маман. Керек дағды: Node.js, JavaScript, Amazon Web Services, Git, MongoDB.
12. Табыс директоры
(CRO) Мамандық сипаты: веб-қосымшаның әкімшілік-бағдарламалық бөлігімен, жүйенің ішкі мазмұнымен, деректер базасымен, бағдарлама логикасымен айналысатын маман. Керек дағды: қаржы, жарнама, маркетинг, ақпараттық технология.
13. Бұлт технологиясы маманы
Мамандық сипаты: бұлт технологиясын жасайтын, енгізетін маман. Керек дағды: Amazon Web Services, Docker, Ansible, Jenkins.
14. JavaScript маманы
Мамандық сипаты: JavaScript бағдарламалау тілін қолданатын программист. Керек дағды: React.js, Node.js, AngularJS, JavaScript.
15. Өнім иесі (Product Owner)
Мамандық сипаты: өнімнің (тех.) бастан-аяқ жүзеге асуына жауапты маман. Керек дағды: өнімді басқару, бағдарлама жасақтамасын дайындау.