2020 жылы оңтүстіктен солтүстікке көшкен адам саны қанша?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы оңтүстіктен солтүстікке 1 600 отбасы көшкен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты.
Оның айтуынша, 2020 жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 5 800 адам солтүстікке көшкен.Бағдарламаның төртінші бағыты – еңбек ресурстарының ұтымдылығын арттыру. Бұл оңтүстіктен солтүстік өңірлерге еңбек ресурстарын тартуға мүмкіндік береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1 600 отбасы немесе 5 800 адам солтүстікке көшті. Оның 3 мыңы еңбекке жарамды, – деді вице-министр Ержан Біржанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жалған құжат жасап келген қылмыстық топ ұсталды
Келесі жаңалық
Қарулы күштерде ЖЖМ қызметіне қатысты нұсқаулық бекітіледі
Өзгелердің жаңалығы