2020 жылы мыңнан астам шымкенттік баспаналы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте 2019 жылы 2 847 пәтерлі 53 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімі Ерлан Айтаханов мәлімдеді.
Оның ішінде жұмысшы жастарға 904 пәтер, көпбалалары отбасыларға 450 пәтер, халықтың әлсіз топтарына 252 пәтер берілді. Келесі жылы "Тұран" мөлтекауданында 4 496 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру үшін "Шымкент" ӘКК арқылы 5 493 пәтерлі 75 тұрғын үй салынады, - деді әкім.
Оның сөзіне қарағанда 2020 жылы аталған баспананың 1 016 пәтерлі 24 тұрғын үйі пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, шаһар басшысы қаланы ауызсумен қамту мәселесіне де тоқталды.
Қалаға жаңадан қосылған 41 елді-мекеннің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мақсатында арнайы жұмыс жоспары әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 2020 жылы 8 тасымалмен су ішіп отырған 72 мың, жартылай қамтылған 9 елдімекендегі 38 мыңнан астам халық ауыз сумен қамтылады, - деді ол.
Сонымен қатар әкім қаламаңындағы елдімекендердің элект сапасы жайлы айтты.
35 елдімекенде электр сапасы төмен. Оларды сапалы электр қуатымен қамту үшін 3 подстанцияның және 13 елдімекенде электр желісінің құрылысы жүргізілуде. Келесі жылы аталған жобаларды іске асыру арқылы 40 мыңға жуық қала тұрғыны сапалы электрмен қамтылатын болады. Қала тұрғындарын газбен қамту үшін Шымкентте №3 АГРС құрылыс жұмыстары басталды. Сондай-ақ, 2020 жылы "Сапақ Датқа" ауылынан ұзындығы 13,5 км, қуаттылығы 25,0 мың м3 сағатына құрайтын магистралды газ құбырын салу жоспарлануда. Бұл қаланың 2-3 жылдық қажеттілігін толық жабады, - деді Ерлан Айтаханов.
Сонымен бірге, әкім биыл 43 көше күрделі, 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілететіні туралы айтты.
Сонымен қатар, 90 км топырақ жолдарға тас төселді. 2020 жылы шалғайда орналасқан 40 елдімекеннің сексен негізгі көшелерін асфальттау жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық көлік жүргізу мәселесі қаралады. Елді мекендердегі 48 көше күрделі, 73 көше орташа жөндеуден өтеді және топырақ жолдарға толығымен тас төселетін болады. Қаланың 7 магистралды көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - дейді әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда офицердің денесі табылды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы