2020 жылы мемлекеттік деңгейде аталып өтетін мерейтойларға 3 млрд теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы елімізде мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін бірнеше мерейтой бар. Оларға ел қазынан 3 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты.
Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын, ұлы ақын Абайдың 175 жылдығын және екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығын атап өтуді тапсырған болатын. Осы мерейтойларға мемлекеттен 3 млрд теңге бөлінген.
"Бұл мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларға қаржы бөлінді. Үш жылдың бюджеті бекітілді. Нақты көлемі –. 3 млрд теңге. Осы қаражат 2020 жылы тойланатын Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойы, жеңістің 75 жылдығына жұмссалады", - деді Берік Шолпанқұлов.
Айта кетейік, үкіметте осы мерейтойларды өткізуге арналған комиссия құрылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы