2020 жылы ЕАЭО-да зияткерлік меншік саласында 11 мыңға жуық қылмыс анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева айтты.
Соңғы бес жылда ЕАЭО елдерінде 80 млн-нан астам контрафактілік тауар анықталған. Бұл ретте анықталған бұзушылықтардың 90% - дан астамы тауар белгілерін заңсыз пайдалану саласындағы бұзушылықтарға жатады, яғни тауар айналымына келеді. 2020 жылы ЕАЭО-да зияткерлік меншік саласында 11 мыңға жуық бұзушылық пен қылмыс анықталды. ЕАЭО елдерінде анықталған контрафакт көлемі 13,6 млн өнім бірлігін құрады, 5 млрд рубльден асатын сомаға құқық иеленушілерге келтірілген залалдың алдын алды, - деп атап өтті Ғалия Жолдыбаева.
Ол атағандай, 2020 жылы контрафакті бойынша ЕАЭО мемлекеттерінде киім және аяқ киім, ойыншықтар, парфюмерия және косметика, тұрмыстық аспаптар мен құралдар, сондай-ақ қосалқы бөлшектер көш бастап тұр.
Еуразиялық экономикалық комиссия бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Өткен жылдың қараша айында Комиссия Алқасы «ЕАЭО мемлекеттеріндегі Интернет желісінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі негізгі тәсілдер туралы» ұсынымды қабылдады.Бұдан басқа, қазіргі уақытта ЕЭК барлық мүдделі қатысушылар мүдделерінің тиісті теңгерімін сақтай отырып, кейіннен Интернет желісінде қарақшылық және контрафактілік тауарлардың таралуына қарсы іс-қимыл құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық реттеуді әзірлеуде, - деді ол.