2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам тарихи Отанымен табысып, оралман мәртебесін алды. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралған.

Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (56,9%) Қытайдан, 27,7% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден. 

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (53,1%) және Маңғыстау (13,2%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,3%) қоныстанды. 

9 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,5%-ды және зейнеткерлер 10,3%-ды құрайды.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы