Қандай құс 2020 жылдың символы болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы жаңа жылдың символы болатын құс таңдалды. Бұл туралы altaynews.kz жазды.

2020 жылдың нышаны болатын құс – ителгі. Мұны Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы мен Құстарды қорғау одағы бірлесіп таңдады.

Жыл құсын таңдау кезінде ителгімен қатар, тазқара мен қоқиқаз да ұсынылған.

Ителгі жыртқыш құстар тобына жатады. Ол солтүстіктегі далалы жерден бөлек, Қазақстанның барлық аумағында кездеседі. Көбіне Маңғыстау, Үстірт және Сарыарқаның жатаған тауларын мекендейді. Алтай, Хан Тәңірі тауларының бөктерін қыстайды. Ителгі 90-жылдары браконьерлердің араб елдеріне сатуы салдарынан сиреп кетті. Арабтар ителгіні саятшылыққа ұстайды. Сарапшылардың анықтауынша, қазір елімізде бірнеше жүз ителгі жұбы ұя салады, - делінген қауымдастық сайтында.

Жыл құсын таңдаудағы мақсат – халықтың назарын құстарға аудару, табиғатты қорғауға үндеу шараларын өткізу.

Айта кетейік, биылғы жылдың (2019) символы – дуадақ.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы