2020 жылдан бастап кірісті жасыру мүмкін болмай қалады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанның 13 миллионға жуық тұрғыны табыс пен мүлік бойынша жыл сайын декларация өткізетін болады. Бұл туралы Республикалық Кәсіпкерлерге Көмек Орталығының директоры Дмитрий Казанцев Алматыда өткен брифинг кезінде айтты.

Декларацияны Қазақстанның барлық кәмілеттік жасқа толған тұлғалары, елде тұруға рұқсаты бар тұлғалар және мүлігі мен табысы бар кәмілеттік жасқа толмағандар, Қазақстанда мүлігі бар немесе компанияларға қатысу үлесі бар шетелдік азаматтар өткізеді.
Орталық директорының айтуынша, есепті 15 шілдеге дейін қағаз түрінде немесе 15 қыркүйекке дейін электронды түрде өткізуге болады. 

"Табыс пен мүлік туралы декларацияда құны 500 000 теңгеден асатын немесе болашақта сатуыңыз ықтимал нәрселер көрсетілу керек. Бұл бағалы бұйымдар, тондар, картиналар болуы мүмкін. Есепті қағаз түрінде тапсыруға және консалтингтік компаниялардың немесе таныс бухгалтерлердің қызметіне жүгінуге кеңес бермес едім, өйткені есепте құпия ақпарат көп болмақ",-дейді ол.

Аталған есепте мынандай шарттар көрсетілуі керек екен: жылжымайтын мүлік туралы ақпарат, Қазақстан ішіндегі және тысқары жердегі саяжайлар, сонымен қатар құрылысқа қатысу үлесі, жылжитын мүлік туралы ақпарат – көліктер, мотоциклдер, яхталар және басқасы, қанша ақшаңыздың бар екендігі туралы ақпарат. Жиын барысында 2020 жылдан бастап қолма-қол ақша күйінде сақталатын қаржыға шектеу қойылатындығы да айтылды. 

"Теориялық тұрғыдан алғанда сізге табысты декларацияламауға болады, бірақ мына жәйтті ұғыну керек, досыңыз сізге қарыз болған миллионды көрсетпейтін болсаңыз, ақша қайтарылған кезде сіз салық төлеуге тиіс боласыз. Әйтпесе салық мекемесінде сіздің қаржыны қайдан алғандығыңыз туралы мәселе туындамақ", - дейді ол. 

Кіріс декларациясын өткізген соң Сіз оның басқа да формаларын өткізуді жалғастырасыз: қысқа және кеңейтілген есеп.
Қысқа есеп қызметкерлерге, зейнеткерлерге, студенттерге арналған, яғни оларда алынған жалақыдан басқа бір жылдың ішінде мүлігіне қатысты өзгерістер болмаған жағдайда. Сіз ештеңе сатпасаңыз, сатып алмасаңыз, бланкті бір параққа толтырасыз.

Өзгерістер болған жағдайда, мәселен, көлік сатып, пәтер алғандар кеңейтілген есеп тапсыратын болады. Кеңейтілген есепте сыйға тарту етілген және мұра ретінде қалдырылған нәрселер көрсетіледі. Сондай-ақ кәсіпкерлер де кеңейтілген есеп өткізетін болады. 
Декларация өткізілмеген жағдайда немесе онда шынайы ақпарат көрсетілмесе, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу көзделген. 

"2020 жылдан бастап кірісті жасыру мүмкін болмай қалады. Еске сала кетейін, бүгінгі күнде талап қою мерзімі 5 жылда құрап отыр, 2020 жылдан бастап 3 жыл деп енгізу көзделген. Демек, 2023 жылы салық мекемесі сізге 2022, 2021, 2020 жылдар бойынша декларацияланбаған табыс пен мүлік бойынша кінәрат таға алады. Сол себепті 2019 жылды мен адамдарды тегін оқытуға арнағым келеді, оқу "Табысты жалпыға ортақ декларациялауға қалай дайындалу керек" деп аталмақ", -дейді Д. Казанцев.

Әділет Мұсахаев

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы