2020 жылдан бастап елімізде "Ми" тікұшақтары құрастырылатын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ресей федерациясының Жуковский қаласында  өткен "МАКС-2019" 14-ші халықаралық авиациялық-ғарыштық салонында белгілі болды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметінен хабарлады. 

Ведомстводан хабарлағандай, салон аясында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресей Федерациясының өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті.

Кездесу барысында министрлер 2019 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы президентінің Ресей Федерациясына сапары аясында қол қойылған бірлескен құжаттардың орындалу барысын талқылады.

Соынмен қатар, №405 Алматы авиажөндеу зауыты базасында 2020 жылдан бастап азаматтық мақсаттағы "Ми" тікұшақтарын ірі тораптық құрастыруды бастау туралы келісімге қол жеткізді.

Қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін Ресей Федерациясында шығарылатын авиапорттарды құрастыру бойынша өндірістік тізбекке біріктіруге ерекше назар аударылды.

Тараптар өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және екі жақты жобаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп тұрған және жаңа өндірістер базасында іске асыруды көздейтін кең ауқымды мәселелерді талқылады.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы