2020 жылдан жеке тұлғаның атына тауарларды әкелу бойынша шектеулер алынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің нормалары 200 еуроны және 31 килограмды құрайтын болатындығын еске саламыз, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.
Қазіргі уақытта (2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың нормалары бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 500 еуро және салмағы 31 кг құрайды. Белгіленген нормалардан асқан жағдайда құнынан 15 пайыздық, салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 2 еуро ставкасы бойынша кедендік төлемдерді төлеу керек, - делінген таратылған ақпаратта.
Қазіргі уақытта (2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін) кедендік баж салықтарыны бірыңғай мөлшерлемелері құн және салмақтық нормадан асып түсу құнының 30 пайызы, яғни 1 кг салмақ үшін 4 еуродан кем емес.
Мысалы, бағасы 300 еуро болатын интернет-дүкендерден тапсырыс берілген жіберілім, жолаушыларға арналған кедендік декларациясын тапсыру жолымен, сондай-ақ құндық нормасынан асатын бөлігінде кедендік төлемдер құнының 15%-дық мөлшері бойынша кедендік декларациялауға жатқызылады (яғни 100 еуродан 15%-дық) немесе жіберілімінің құны 200 еуродан аспаса, бірақ оның салмағы 35 кг болса (яғни салмақ нормасынан 4 кг асып тұрса), онда 4 кг кедендік баж салығы салынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Алтын тобылғы" әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
Өзгелердің жаңалығы