2020 жылдан бастап Алматы жастары үшін екі мың пәтер салынады – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елбасының тапсырмасы аясында осы жылы жұмыс істейтін жастар үшін Алматыда 1050 жалға берілетін пәтер салынды. 2020 жылдан бастап “Алматы жастары” бағдарламасына қоса жеке тағы мың пәтер салуды көздеп отырмыз. Сонда жыл сайын жастар үшін екі мыңдай пәтер беріп отырамыз. Бұл туралы Алматы әкімі “Ел үміті” жастар форумында айтты.
Жиын барысында әкім еліміздегі дарынды жастарға қолдау көрсету, оларды әрі қарай дамыту мәселесі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың назарынан тыс қалмағанын айтты.
“Ел үміті" марафонының Елбасы қолдауымен игі дәстүрге айналуы соның жарқын дәлелі. Сіздердің жетістіктеріңіз еліміздің жетістігі. Бұл марафон мыңдаған дарынды жастарды анықтауға септігін тигізеді. Ол жастар өз құрдастрын жетістікке ұмтылуға ынталандыратын болады, - деді ол.
Сондай-ақ ол әрдайым жастарды өзін дамытумен айналысуына үндеп, мән беріп отыратынын жеткізді.
Жаңа ілімді игеріп, бәсекеге қабілетті әрі белсенді болу керек. Өз алдарыңзға ұлы мақсаттарды қойып, соған жете біліңіздер. Мемлекет жастарды әрдайым қолдайды. Мұның барлығы ел дамуына өз үлесін қосады. Біздің шаһарда 700 мыңан астам жас бар. Қаладағы әр үшінші адам жас болып келеді. Оның 230 мыңдайы студент. Олар қаладағы 39 жоғары оқу орнында және сексендей колледжде білім алады, - деді әкім.
Сонымен қатар ол, жастардың мәселесін шешуге мән беріліп келе жатқанын айтты.
Жастарды жұмысқа орналастырып, біліктіліктерін арттырудамыз. Жас буын өздерінің Алматы арманын іске асыруы үшін бизнес бастамаларына да қолдау көрсетудеміз, - деді Б. Сағынтаев.
Бұған дейін Алматыда Жастар жылына арналған "Ел үміті" марафоны өтіп жатқанын хабарлағанбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада әлемдік Start-up жобалар сайысы өтеді
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы