2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Волонтерлікті дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
- Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін;
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы