2020 жылы халық санағын жүргізуге 8,2 млрд теңге жұмсалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2009 жылы қазақстандықтардың санын анықтау үшін 6,5 млрд теңге жұмсалған.
Қазақстанда үшінші халық санағы екі кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі – 2020 жылдың 1-30 маусым аралығы, негізгі кезеңі – 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді.
Ол кезде (2009 жылы) халық саны – 16 009 597 адам болған. Әр адамға 2,9 доллар жұмсалған. Ал, биылғы санақ жүргізуге 8,2 млрд теңге бөлініп отыр. 18 684 570 адам болуы мүмкін деген болжаммен әр адамға 1,2 доллар жұмсалады, - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Комитет төрағасының айтуынша, салыстырмалы түрде Ресей Федерациясында 148,8 млн адамға 60 млрд рубль бөлінген. Жан басына шаққанда 3,6 доллардан жұмсаған.
Сонымен қатар, бөлінген қаржы санақ жүргізу үшін планшет, компьютер алуға, көлік алуға, штаттан тыс қызметкерлердің ақысын төлеуге, канцеляриялық тауарлар, мойынорағыш пен портфель сатып алуға жұмсалады.
Тәуелсіздік тарихында халық санағы 1999 жылы, 2009 жылы жүргізілген және 2020 жылы өтеді.
Халық санағы 2019 жылы өту жоспарланған. Бірақ тиісті жабдықтардың, құжаттардың дайын болмауына байланысты бір жылға шегерілді, - деді Нұрболат Айдапкелов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
50 мың пара алған шенеунік 1 млн айыппұл төлеп, жұмыстан қуылды
Өзгелердің жаңалығы