Қазақтан 2020 жылғы туристік елдердің ТОП-5-іне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдық Backpacker қоғамы тәуелсіз және белсенді саяхатты ұнататындар үшін 2020 жылы сапар шегуге болатын елдердің рейтингін жасады.

Осы рейтингке сәйкес әлемнің түкпір-түкпірінен adventure tourism саласының сарапшылары дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан must visit елдердің арасында 5-ші орынға жайғасты.

Кең дала, биік таулар мен шөлдер елі деп танылған Қазақстан - Орталық Азияның асыл маржаны - делінген рейтинг сипаттамасында.

Рейтинг авторлары Қазақстанда туризм саласын дамытудың жаңа деңгейіне жету үшін бэкпэкерлерге қызықты Үстірт, Бозжыра, Алтай тауы аймақтарын дамытуда қосымша күш салуға кеңес берді.

Қазақстаннан кейін Британдық Backpacker қоғамы туристерге 6 орынға жайғасқан Өзбекстанға, Босния мен Герцеговинаға, сондай-ақ, 8 орындағы Ресейге, Эфиопияға және Әзірбайжанға (10 орын) саяхатқа аттануды ұсынды. Рейтингке ілінген елдердің соңғы тізімі жуық арада жарық көріп, онда үздік төрттіке енген  елдер туралы мәліметті толық білуге мүмкіндік тумақ.

Аталған рейтинг 2010 жылдан бері жүргізіліп келеді, ал ұйымдастырушы Қоғам оқиғалы-шытырман туризмді дамытуға жағдай жасау мақсатында 2009 жылы құрылған.

Соңғы деректерге сәйкес, adventure tourism жастар арасында кеңінен дамып, аса танымалдыққа ие болып келеді. Мұндай саяхаттау әлем астаналарын аралауды қол жетімді етіп, жиһангездерге зерттелмеген бағыттарды ашып, бірегей тәжірибе жинақтауға себеп болады,  - деп хабарлады "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы