Теңіз кен орнының өндіріс көлемі артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы Теңіз кен орнында 29 миллион 790 мың тонна мұнай өндірілді, деп хабарлайды "Теңізшевройл" ЖШС баспасөз қызметі.

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 2019 жылы шикі мұнай өндіру 29,79 млн тонна немесе 237,7 млн баррельді құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 28,6 млн тонна немесе 228,2 млн баррель болған. Өндірістің ұлғаюына шикі газды айдау жобасының аяқталуы ықпал етті, нәтижесінде тәуліктік мұнай өндірісі шамамен 75000 тоннаға (600 000 баррель) жетті, – деп хабарлады "Теңізшевройл" ЖШС баспасөз қызметі.
Сонымен қатар компания Теңіз кен орнының өндірістік қуатын кеңейтудің келесі кезеңін жүзеге асыру жоспарланып жатқанын атап өткен.

Ол аяқталғаннан кейін өндіріс көлемі жылына 12 млн тоннаға артып, 39 млн тонна деңгейіне жетеді, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы