2019 жылы халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы 104 282 теңге болды - статистика

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 104282 теңгені құрады және атаулы мәнде 2018 жылмен салыстырғанда 12%-ға өсті. 

Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 5,3%-ке өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға жоғарылады, - делінген хабарламада.
Статистика комитетінің хабарлауынша, 2019 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша ең жоғары мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге артты.

Табысы ең төмен өңірлер ретінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы белгіленді, осы өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 50-67% құрады.

2019 жылы өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 4 есені құрады (2018 жылы – 4,2 есе).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы