2019 жылы елімізде 400 мыңнан аса бала өмірге келді
Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылы Қазақстан Республикасында АХАТ органдарында 402 310 сәби тіркелді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 12,9%-ға көп.
Мұндай мәліметті Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті таратты.
Қалалық мекендерде туғандар саны – 239 496 (59,5%), ауылда – 162 814 бала өмірге келген (40,5%).
Сондай-ақ балалардың 208 038 ұл, бұл 51,7% құрайды, ал қыздар саны – 194 272 немесе 48,3%. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құрайды.
Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,73 баланы құрады, 2009 жылы ол – 22,14 шамасында болған. Қалалық мекендерде – 22,09 (2009 жылы – 21,62), ауылдық мекендерде – 21,22 (2009 жылы – 21,75) құрады.
Қазақстан өңірлерінің ішінде туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында тіркелген, онда 1000 тұрғынға шаққанда 29,72 тууды құраған. Түркістан облысында -27,87, Шымкент қаласында - 27,89 байқалды. Ең төменгі көрсеткіш мына облыстарында көрініс тапты Солтүстік Қазақстан -12,46, Қостанай -13,15, Павлодар -15,35, - делінген хабарламада.
Барлық ұрпақты болу кезеңінде (15-49 жас) бір әйелдің орта есеппен алғанда дүниеге әкелген балаларының санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) 2019 жылы республика бойынша 2,90 құрады және 10 жыл ішінде 9,4% өскен. Тиісінше қалалық мекендерде – 2,75 және 5,4%, ауылдық мекендерде 3,17 және 16,1%.
Елдің өңірлері бойынша ең жоғары ТЖК деңгейі Түркістан (4,29), Маңғыстау (4,02) облыстарында, ал ең төмен деңгейлері Алматы қаласы (1,78) мен Қостанай (1,81) облысында байқалды.
2019 жылы бірінші туғандарға туудың жиынтық коэффициенті 2009 жылмен салыстырғанда төмендеді, ал екінші және келесі туулар үшін өсті. 2019 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы 28,9 жасты (2009 жылы – 27,4) құрады, қалалық мекендерде – 29,2 (2009 жылы – 27,6), ауылдық мекендерде – 28,5 (2009 жылы – 27,3), - делінген хабарламада.
Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болған. Алматы қаласында 29,8 жасты, Нұр-Сұлтан қаласында 30 жасты құрады.