Алматыда 2019 жылғы балабақша құны бекітілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі қаладағы мектепке дейінгі мекемелердің төлемін бекітті.
Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2019 жылға арналған тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы қаулысы «Алматы ақшамы» газетінің сайтында жарияланды.
Жарияланған құжат бойынша бір тәрбиеленушінің орташа шығыны айына 27 502 теңгені құрайды. Құжатқа сәйкес ата-ананың бір балаға төлейтін ақысы 18 500 теңге мөлшерінде, қалғанын әкімдік өз мойнына алып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәурен Абаев: Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!
Өзгелердің жаңалығы