2019 жылдан бері зейнеттемін – Елбасы 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жасаған үндеуінде айтты.

Қаңтар оқиғасы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Бұл ұйымдасқан тәртіпсіздіктер мен Қазақстанға жасалған шабуылдардың мақсаты – елдің тұтастығын, мемлекеттің іргетасын бұзу еді. Бұл оқиғалар тәуелсіздікке көздің қарашығындай, ерекше ұқыптылықпен қарауды қажет ететінін тағы бір мәрте көрсетті, - деді Елбасы. 

Оның айтуынша, болған оқиға барлығымызға сабақ болды.

Осы тәртіпсіздіктер мен кісі өлтірулерді кім ұйымдастырғанын анықтау маңызды. Бұл сұраққа тергеу жауап береді.Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін, - деді ол.

Назарбаев 2019 жылдан бастап зейнетте екенін айтты.

Менің атыма келіп түскен көптеген өтінішке және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жарияланымдарға байланысты жауап берейін. 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырдым және сол уақыттан бері зейнеткермін. Қазақстанның астанасында құрметті демалыста екенімді және ешқайда кетпегенімді хабарлаймын, - деді Назарбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы