2018 жылы Астанада 23 460 пәтер пайдалануға берілді

Астана, BAQ.KZ. Өткен жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 23 460 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Бұл жайлы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Астана тұрғын үйді салу және пайдалануға беру бойынша көш бастап тұр. Астана қаласы құрылыс және тұрғын үй басқармасы мәлімдегендей, барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйдің 2 378 мың шаршы метрі, яғни 23 460 пәтер пайдалануға берілді. 2018 жылғы жоспарға сай тұрғын үйді тапсыру Астанада 100% орындалған. 

«2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспананың 109 мың шаршы метрі (1 419 пәтер), оның ішінде кредиттік тұрғын үй – 47,2 мың ш/м, немесе 481 пәтер, жалдамалы тұрғын үй – 15,1 мың ш/м, немесе 154 пәтер, пилоттық жоба аясында апатты жағдайдағы үйлерді сүру бойынша – 47 мың ш/м, немесе 784 пәтер пайдалануға берілді», - деп хабарлады ведомствода. 

Одан бөлек, жалпы ауданы 352 мың шаршы метрді құрайтын немесе 4 558 пәтерлік 15 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда, оның ішінде осы жылы жалпы алаңы 235,6 мың ш/м тұрғын үйді беру (3 106 пәтер) жоспарланған. Оның ішінде кредиттік тұрғын үй ТҚЖБ салымшылары үшін баспананың 82,5 мың ш/м (903 пәтер), жалға берілетін тұрғын үйдің 59,1 мың ш/м (731 пәтер), апатты жағдайдағы үйлерді сүру пилоттық жобасы бойынша – 94,1 мың ш/м (1 472 пәтер) тапсырылады деп күтілуде. 

Бұдан басқа, Астана «7-20-25» бағдарламасы аясында несие беру бойынша республикада ең жоғары көрсеткішке қол жеткізе алды. Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бастап 37 млрд теңге сомасында 2 591 өтініш түсті, оның ішінде 23,6 млрд. теңге сомаға 1 628 өтініш мақұлданды. 

«Динамика көрсетіп отырғандай, Астанада соңғы екі айда апта сайын ипотекалық қарыздар алуға орта есеппен жүз өтініш мақұлданады», – деді Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасында. 

Сонымен қатар, Астана әкімдігі елде алғашқылардың бірі болып тұрғын үй құрылыс жинақ арқылы үй сатып алу жүйесі үшін тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету тәсілін енгізді. Мақсат – білім беру, денсаулық сақтау және құқық тәртібін қорғау салаларында білікті мамандар корпусын құру.  Осыған байланысты қала әкімдігі мен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

«Өткен жылы атанған сала мамандарының тұрғын үй сатып алуы үшін жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Сертификат түрінде 1 млн теңгеге алғашқы 100 субсидия бөлінді, биыл да 2 000 субсидия (сертификат) беру жоспарланған»,  – деп атап өтті ведомствода.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы