2018 жылы инфляция 5,3%-ды құрады
Астана, baq.kz. Өткен жыл үшін баға азық-түлік тауарларына – 5,1%, азық-түлік емес тауарларына – 6,4%, ақылы қызметтерге 4,5%-ға жоғарылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың басынан (2018ж. желтоқсан 2017ж. желтоқсанға) бағаның өсуі қырыққабатқа – 31%, қантқа – 20,9%, мәйекті ірімшікке – 11,9%, құс етіне – 10,4%, консервіленген сүтке – 10,3%, сары майға – 10,1%, жылқы етіне – 9,6%, жаңа сауылған сүтке – 7,8%, күнбағыс майына – 7,4%, шұжық өнімдеріне – 7,2%, қышқыл сүт өнімдеріне – 7%, ет өнімдеріне – 6,9%-ға, шошқа етіне, сиыр етіне – 6,7%-дан, кондитерлік өнімдерге 6,6%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі картопқа – 26,7%, қарақұмық жармасына – 21,6%, басты пиязға – 18,4%, сәбізге 16,3%-ға тіркелді.
Баға өсімі автомобильдерге – 8,5%, құрылыс материалдарына – 8,1%-ға, фармацевтикалық өнімдерге, киім және аяқ киімге, тұрмыстық аспаптарға – 7,8%-дан, тоқыма бұйымдарына – 7,7%, жеке қолданатын тауарларға – 6,8%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 6,6%, кеңсе тауарларына – 5,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 5,4%-ды құрады. Дизель отыны – 29,6%, баллондағы сұйытылған газ 6%-ға қымбаттады, ал бензин 2,8%-ға арзандады.
Баға деңгейі кабельдік телевизия қызметтеріне – 12,1%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 7,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 6,1%-ға, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 6%-дан, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 5,8%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне 5,7%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 16,4%, темір жол көлігімен – 12,2%, қалааралық автобус – 7,9%, ішкі қалалық автобуспен 4,9%-ға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге – 3,1%, суық суға – 3%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 2,7%-ға, орталықтан жылытуға, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 2,6%-дан, ыстық суға – 2,2%, электр энергиясына 1,1%-ға өсті.