2018 жылы 12 млн шаршы метр үй берілді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев 2018 жылы тұрғын үй саласында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. 

«2017 жылы бітірген 11 млн шаршы метрге тағы 1 млн қосылып, былтыр 12,5 млн шаршы метрді тапсырдық. 113 740 тұрғын үй қосылды. Үй құрылысына 1 трлн 182 млрд теңге инвестиция қосылып, 2018 жылға қарағанда 8% артты. 2017 жылға қарағанда қосылған үйлер 12,1% артты. Жеке тұрғын үйлердің инвестициялары 459 млрд теңге болды. 5,4 млн шаршы метрді жеке тұлғалар қосты. 39157 жеке тұрғын үй қосылды. Көппәтерлі тұрғын үйге 702 млрд теңге инвестиция қосылдып, 6,8 млн шаршы метр, яғни 74583 тұрғын үй қосылды. Мемлекет тарапынан қосылатын 1 теңгеге 6 теңге жеке инвестициялар тартылды», - деді Өскенбаев.

Вице-министр өңірлерде үй құрылысы жақсы жүргізілгенін атап өтті. 

«Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Түркістан облысында көрсеткіш өсті. Ең көп салынған пәтерлер Астана қаласында 2 млн 400 млн, Алматы қаласында 2 млн, Маңғыстау облысында 1,2 млн , Ақтөбеде 980 мың, Атырау 793 мың, Алматы облысы 713 мың шаршы метр. Бүкіл облыстар алға қойған жоспарды толық орындады», - деп айтты ол.

 Өскенбаев министрлік алдында 2019 жылы тапсырылатын үйлер көлемін 13 млн шаршы метрге жеткізу міндет тұрғанын айтты.
Назерке Абибулла
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы