2018 жылы тұмаумен ауырғандар саны артқан

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Статистика комитеті 2018 жылы Қазақстан халқы қандай сырқаттармен ауырғаны туралы ақпарат таратты.

"2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда қызылшамен (2 және 576 оқиға тиісінше) ауырғандар санының өскені байқалды. Анықталған АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылардың саны 2018 жылы 3100 оқиғаны (2017 жылы – 2856 тасымалдаушылар) құрады, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 28 АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылар саны (2017 жылы – 40 тасымалдаушы) анықталды" - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

2018 жылы күйдіргі ауруының 2 оқиғасы тіркелген.

Тіркелген жұқпалы аурулардың арасында аса кең тарағаны жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпасы – халықтың 100000 адамына шаққанда 3285,8 (2017 жылғы тиісті кезеңде – 3756,7) оқиға, ішектің өткір жұқпасы – 65,7 (65,5), тыныс органдарының туберкулезі – 42,4 (45,2), мерез – 20,4 (24,3), битшеңдік – 10,6 (13,1), вирустық гепатит – 5,8 (4,2) және қышыма – 3,1 (4,1) болды.

2018 жылғы желтоқсанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда тұмаумен (3,1 есе) ауырғандар саны өскен және дерматомикозбен (78,7%) ауырғандар саны азайған. Анықталған АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылардың саны 268 оқиғаны (2017 жылғы желтоқсанда – 223) құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы