2018-2020 жылдар: Түркістан облысының даму қарқыны қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы елімізде Президент Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын.Облыс құрылғалы бері жалпы өңірлік өнім көлемі 2020 жылы алдын ала болжам бойынша 2,0 трлн теңгеге жететін болады. Өсім қарқыны 2018 жылмен салыстырғанда 25%-ға артады деп болжанған еді. 2020 жылы жалпы өңірлік өнім өсім қарқыны бойынша республикада алдыңғы қатарға шықты. Осы ретте облыстың 2018-2020 жылдардағы даму көрсеткішіне жасалған шолуды назарларыңызға ұсынамыз.

Қанша адам жұмыспен қамтылды?

2020 жылы өнеркәсіп өнім көлемі 535,2 млрд теңгеге жетті. 

2018 жылмен салыстырғанда +81,4 млрд теңгеге немесе +18,0%-ға артқан. Тиісінше өндеу өнеркәсібі +2,8%-ға артты. 

Индустрияландыру картасы аясында 2020 жылда 8,6 млрд теңгеге 14 жоба іске қосылып, 1 620 жұмыс орны ашылды. Өнеркәсіп өндірісін дамыту мақсатында облыста құрылған индустриалдық аймақтарында жалпы құны 41,0 млрд теңгеге 49 жоба іске асырылып, 3 184 жұмыс орынын ашу жоспарланса, нақты 36 жоба іске қосылып, 1 154 жұмыс орны ашылды. 


Инвестиция көлемі 31,0 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 2020 жылы 1 190,2 млн теңгеге 212 жұмыс орнымен 6 жоба іске асырылды: 

1. «Kaztor LTD» ЖШС (бұрынғы – Мирас ДАМУ LTD) ЖШС (Сым бұйымдарын өндіру). Жоба құны - 112,0 млн теңге, 67 жұмыс орнымен;

2. «SOUTH ALUPLAST» ЖШС (Асфальтобетон, тауарлық бетон және темір-бетон бұйымдарын өндіру). Жоба құны 510,0 млн теңге, 56 жұмыс орнымен;

3. «Нұрлы НазАй» ЖШС (Көпфункциялы POS-терминалдарды құрастыруды ұйымдастыру). Жоба құны 300,0 млн теңге, 20 жұмыс орнымен;

4. «Алем Бетон - 1» ЖШС (Асфальт бетон өндіру зауытын салу). Жоба құны - 82,0 млн теңге, 25 жұмыс орнымен;

5. «MAKS BETON» ЖШС (ЖБИ өндіру бойынша бетон зауыты). Жоба құны - 120,0 млн теңге, 24 жұмыс орнымен;

6. «ATS Group LTD» ЖШС (Жол құрылысына арналған асфальт-бетон қоспасын өндіру). Жоба құны 66,2 млн теңге, 20 жұмыс орнымен. 

Бұдан бөлек, облыста өткен жылы: 

1.«KZT Solar» (HEVEL Kazakhstan) ЖШС-нің күн электр станциясының құрылысы, құны 31,2 млрд теңге; 

2.«ЮКСЭС 50» ЖШС-нің күн электр станциясының құрылысы, құны 19,0 млрд теңге;

3.«Ecoinvest» ЖШС-нің өнеркәсіптік жылы-жай кешені құрылысының 1-кезеңі, құны 6,8 млрд теңгені құрайтын ірі жобалар іске асырылды. 


«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы 

«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Аталған аймақта инвестициялық қоржыны 425,5 млрд теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асырылуда.

2020 жылы облыс экономикасына 703,3 млрд теңге инвестиция бағытталды. Инвестиция көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2,4 есе артқан. Оның ішінде сыртқы инвестициялар 112,4 млрд теңге құрады. 


Жаңа облыс орталығында әлеуметтік және мәдени нысандардың құрылысын жүргізу есебінен өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 300,0 млрд теңгеге жетіп, соңғы үш жылда 2,2 есеге артты. Өткен жылы 620,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2018 жылмен салыстырғанда 1,6 есе артты. 

Кәсіпкерге қолдау қандай? 

Бүгінгі күні өңірде 140,6 мың шағын орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Ол өз кезегінде 2018 жылмен салыстырғанда өсім +10,0 мыңға жуық шағын орта бизнес субъектілері артқан. Жұмыспен қамтылғандар саны 218,0 мың адамды құрап, экономикалық белсенді халықтың 27%-ы жұмыс атқаруда. 

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім (тауарлар мен қызмет көрсетулер) шығарылымы 554,4 млрд теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке 115,6% құрады. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 29 млрд теңгені құрайтын 287 жоба (Республикада 1-орын) қаржы институттарымен қаржыландырылды. Бағдарламаны жүзеге асыруда өңірлер арасында көш бастап тұр. 

Сонымен қатар кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының бюджеті 23%-ға ұлғайып, 2,9 млрд теңгеге жетті. Нәтижесінде қаржылай қолдау құралдарымен 400-ге жуық кәсіпорын қаржыландырылды. 

Бизнес-ахуалды жақсарту мен қолдау мақсатында облысымызда «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі іске қосылып, жұмыс жасауда. 

2020 жылдың қорытындысымен кәсіпкерлерге 33 мыңнан астам қызмет түрін көрсетіп, дайындалған мыңнан астам бизнес жоспарлардың 78%-ы (868 бизнес-жоспар) қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелденді. Нәтижесінде облыс 2020 жылдың қорытындысымен «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингі бойынша Республикада 1-орынды иеленіп, бизнесті жүргізу бойынша үздік өңір болып атанды. 

Облыс экономикасының басты драйвері – Ауыл шаруашылығында 729,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 2018 жылмен салыстырғанда өсім +34%-ды құрады.


 Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада үштікке кіреді. Ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 212,5 млн АҚШ долларға жетіп, 64,4%-ға немесе 13,7 млн АҚШ долларға артты. Салаға 55,4 млрд теңге инвестиция тартылып (республика бойынша 2 орында), өсім 123,7% құрады. 

Облыстың мәдени саласынан не хабар? 

Өздеріңізге мәлім, облыста Түркістан қаласын дамыту жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы 23 нысанның құрылыс жұмыстары басталып, бүгінде әкімшілік-іскерлік орталығында 14 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Олар - Әкімшілік ғимараты, Басқармалар ғимараты, Департаменттер ғимараты, Нұр-Сұлтан алаңы, Конгресс-холл орталығы, Медиа-орталығы, Оқушылар сарайы, 7000 орындық стадион, Бассейні бар спорт кешені, Олимпиадалық резерв мектебі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Музыкалық мектеп, Қалалық саябақ, Цифрлық кеңсе. 

Әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге 100,7 шақырым инженерлік инфрақұрылым тартылып, оның 91,2 шақырымы жыл қорытындысымен аяқталды. 

Ал рухани-мәдени орталығында 9 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 7 нысан жыл қорытындысымен пайдалануға беріліп, 2 нысан өтпелі кезеңде. Олар - Шығыс моншасы, Музыкалық субұрқақ, Неке сарайы, Амфитеатр, Қабылдау орталығы, Қ.А.Яссауи мұражайы, Ұлы Дала Елі. 

Мәдени-рухани орталығында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға 41,1 шақырым инженерлік инфрақұрылым тартылып, жыл қорытындысымен толық аяқталды. 

Сонымен қатар Тұңғыш Президент саябағы, Н.Назарбаев аллеясы (Арбат), желілік саябақтар, гүлзарлар, Х.А.Яссауи мен Рәбия Сұлтан Бегім кесенелерін қалпына келтіру, Әзірет Сұлтан қорық-мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 


Бұған қоса әкімшілік-іскерлік орталығында 28 гектар аумаққа Дендросаябағының құрылысы және 9 гектар аумаққа саябақтың жанынан жасанды көлдің құрылысы басталды. 

Сондай-ақ жеке салымшылар тарапынан «Керуен - Сарай» кешені, халықаралық стандартқа сай «Rixos Turkistan», «Hampton by Hilton Turkistan», «НұрӘлем» қонақ үйлері сынды ірі жобалар салынып, оның «Rixos Turkistan», «Hampton by Hilton Turkistan» қонақ үйлер толық аяқталды. 


«Керуен - Сарай» кешені бұл Түркістан шаһарына архитектуралық көрік беретін шығыс стиліндегі көпфункционалды заманауи туристік жобалардың бірі.

Өңірдің әлеуеті мен туризм саласын көтеретін бірден-бір ірі жоба Түркістан қаласының халықаралық әуежайының құрылысын атап өтуге болады. 


Өткен жылы Түркістан қаласын толық табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. 

Бүгінгі таңда 42 037 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылып, 26 320 абонент (62,6%) көгілдір отынын тұтынуда. 

Бұдан бөлек әкімшілік іскерлік орталығында жалпы ауданы 773,6 мың шаршы метр немесе 9 052 пәтерді құрайтын 177 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 28 үйдің құрылысы аяқталып, 1 150 пәтер пайдалануға берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы