2017 жылдан бері мыңнан аса пара беру дерегі тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2017 жылдан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік 1000 аса пара беру дерегін тіркеді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, соңғы 3 жылда пара беруге қатысты қылмыстық деректер өскен. 2017 жылы – 255, 2018 жылы – 232, 2019 жылы – 342, 2020 жылдың бес айында – 172 жағдай тіркелген. 

Осы аралықта пара бергені үшін 586 адам ұсталды. Оның ішінде 154 адам  бас бостандығынан айырылды. 377 адамға айыппұл салынды, 67-нің бас бостандығына шектеу қолданылды,-деді ол.

Сонымен қатар, ол биыл пара бергені үшін қылмыстық жауапқа тартылғандардың 20 пайызы мемлекеттік қызметкерлер екенін айтты. Олар сотталып қана қоймай өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған. 

Биғайдаровтың айтуынша, параны көбінде жеке компания өкілдері береді екен. Яғни құзырлы өкілді сатып алу арқылы кәсіпкерлік қызметін қолайлы жүргізгісі келеді немесе мемлекеттік сатып алу келісіміндегі атқарылған жұмыс актісіне қол қойдырады. 

Мәселен, Алматы жемқорлыққа қарсы қызметімен ЖШС өкілдерінің  пара беру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ЖШС өкілдері Қарасай ауданы әкімінің орынбасарына 33 млн теңгеге жасалған келісімнің 5% пара ретінде бермек болған. Сондай-ақ осыған ұқсас қылмыс бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы "Ақжайық Электро" ЖШС-нің директоры Б.К. Әбдиевке 71 040 000 теңге айыппұл салынды. Ол Алматы ауданы әкімінің орынбасары Т. Тілеуовке 5 млн теңге көллемінде пара бермек болған,-дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы