Қызылорда көшелерінде 200 шақырым жол жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы" бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы бірқатар саябақ қайта жаңғыртылып, абаттандырылады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шаһардағы 200-ден аса көшеге орташа, күрделі жөндеу, тас төсеу, 68 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу, 30 ойын алаңы мен 70 аялдама орнату, тозығы жеткен ауыз су және кәріз су желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған - делінген хабарламада.
Биыл мектеп құрылысы басталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, 4 білім ұясы және 2 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған қоса, 3 мәдениет нысаны қайта жаңғыртылмақ.
Жоба аясында жұмыспен қамту орталығына тіркелген 4523 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде.