"200 шаршы метр": Астанада тұрғын үй өртенді
Астанада Сарыарқа ауданы, Земляничная көшесінде саяжайда тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте үйдің аумағында ашық жалын шарпыған.
ТЖД мамандары өрт ошағынан төрт газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік туды. Тұрғын үй аумағындағы гараж және дүкеннің өрті 200 ш.м. аумақта толық сөндірілді.
Зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, – деп жазды ТЖМ.
Сонымен қатар ТЖМ өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне дереу қоңырау шалу керектігін ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы