200 мың теңге беріп, жейделеріне ақ мата таққан. «Дикий Арман» мен оның сыбайластарының қылмысы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Қылмыстық ортада «Дикий Арман» деп танылған Арман Жұмагелдиев пен оның сыбайластарының рөлі ерекше. Атап айтқанда, 6 қаңтарда оның қылмыстық тобына қатысушылардың Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне келген қылмыскерлерге «глок» және «макаров» маркалы қарулары таратылды. Осы уақытта қаруланған қылмыскерлер ұйымдастырушы мен оның қарамағындағы адамдардан тиісті нұсқаулар алды. Олар серіктестерін 10 адамнан тұратын топтарға бөліп, жоспарланған қылмыстардағы рөлін анықтады. Іштерінен басшылары тағайындалып, оларға қорғаныс жилеттер, бастарына арналған қорғаныс қаруы мен 200 мың теңге ақша берілді. Қатарындағы серіктестеріне суық қару мен денеге зиян келтіруге болатын қарулар тапсырылды. Ерекше белгі ретінде барлық қатысушының сырт киіміне жеңіне ақ мата таққан, - деді ол.
Шалабаев атағандай, қылмыскерлер қаланың әртүрлі нүктелерінен 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып соққан.
Оларды Ritz Carlton мен «Қазақстан» қонақүйінінің паркингтерінде ұстаған. Кейіннен жәбірленушілер қала шетіне жеткізіліп, қылмыскерлердің қарулы күзетіне қойыла отырып, металл контейнерлеріне орналастырылды. Дене жарақаты нәтижесінде жәбірленуішінің бірі қайтыс болды. 40 күдікті адам қамауға алынды. Қалған адамдарды анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр, - деді Шалабаев.