200-ден аса грек-рим палуаны ел чемпионы атағын сарапқа салуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақтөбеде грек-рим күресінен U23 ҚР Чемпионатының жалауы көтерілді. Үш күнге жоспарланған ел біріншілігіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және 14 облыстан 200 аса боз кілем шебері қатысады.
Спортшылардың арасында әлемдік боз кілемде күресіп жүрген палуандар барын ескерсек биылғы ел біріншілігі тартысты, қызу өтпек. Пандемияға байланысты санитарлық талапқа сай жарыс көрермендерсіз өтуде. Күрес сүйер қауым чемпионаты YouTube каналынан, @aqtobe_obl_sport әлеуметтік желіде тікелей эфирде тамашалайды. Ел чемпионаты ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орайластырылған, - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ерлан Мұқан.
Еске салайық, ақтөбелік классиктер өткен жылы Семейде өткен сайыста жалпыкомандалық есепте 17 команда арасында үшінші орын алды.
Биылғы Ақтөбе облысының құрамы үздіктерден жасақталған. Құрама сапында:
60 келіге дейінгі салмақта V жазғы спартакиаданың жүлдегері Нұрболат Темірбаев
63 келіде Кадеттер арасында Азия Чемпионаттарының жеңімпаздары Әділ Сисенбаев
77 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы Дәулет Жалғасов
Еліміздің ересектер арасындағы соңғы чемпионатының жүлдегері Жәнібек Асылбекұлы(130 келіге дейін) және басқа да болашағы зор палуандар күреседі.
Наурыздың басында Италияда халықаралық деңгейдегі турнир өтеді.
Ол жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасының 63 келіге дейінгі салмақта жергілікті классиктер арасында танымал көшбасшысы, еңбек сіңірген спорт шебері Мейрамбек Айнағұлов қатысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы