27 Қараша 2026, 09:09 Фото: haberler.com

Жезқазғанда 20 жыл бұрын адам өлтірген күдікті Ыстанбұлда ұсталды

Ресей іздеу жарияланған 50 жастағы ер адам Жезқазғанда 2006 жылы болған қарулы шабуылға қатысы бар деген күдікпен ұсталды.

Түркия полициясы Жезқазғанда 2006 жылы болған кісі өлтіру дерегі бойынша халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Ресейдің құқық қорғау органдары іздестірген 50 жастағы Витта М. Стамбұл қаласындағы Бакыркөй ауданында бой тасалап жүрген жерінен табылды. Бұл туралы Haberler басылымы хабарлады. 

Тергеу нұсқасы бойынша, ер адамның 2006 жылғы қарашада қылмыстық ортадағы беделді тұлға Сагит Ш.-тың өліміне қатысы болуы мүмкін. Ол қылмыстық ұйымның болжамды жетекшісіне жасалған қарулы шабуылға байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Күдіктіні ұстау операциясын Стамбұл қалалық қоғамдық қауіпсіздік басқармасының іздеуде жүрген адамдарды анықтау бөлімінің қызметкерлері жүргізген. Қазір оған қатысты процессуалдық шаралар жалғасып жатыр.

Жезқазғанда қандай оқиға болған?

Қылмыс 2006 жылғы 28 қарашада Жезқазған қаласында тіркелген. Қылмыстық ұйымның болжамды жетекшісі автокөлігімен үйіне қайтып келе жатқанда, белгісіз адамдар оған шабуыл жасап, көлігіне оқ атқан. Қарулы шабуыл салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

Сол кезеңдегі Қазақстандық басылымдардың жарияланымдарында марқұмның ірі өнеркәсіптік компанияға миллиондаған доллар шығын келтіргені айтылған қылмыстық ұйымды басқарғаны туралы ақпарат тараған.

Қазіргі уақытта Стамбұлда ұсталған азаматқа осы кісі өлтіруді тікелей орындады деген күдік келтіріліп отыр.