20 жүргізушіге қосымша бензин бактары үшін айыппұл салынды
Ағымдағы жылғы 15-20 мамыр аралығында ішкі істер органдары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жанар-жағармай материалдарының республикадан тысқары жерлерге шығарылуына жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату арқылы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу деректерін анықтауға ерекше назар аударуда.
Аталған құқық бұзушылыққа қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігімен (рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Алғашқы тәулікте полицейлер рұқсатсыз орнатылған қосымша жанармай бактарымен жабдықталған 20 көлік құралын анықтады. Әрбір жүргізуші 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болады. Заңсыз қайта жабдықталған көліктер бұзушылықтар жойылғанға дейін арнайы тұраққа қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісуда хабарсыз кеткен қария полигон жанынан табылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы