20 желтоқсанда барлық өңірде қар жауып, боран соғады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 20 желтоқсан, сенбі күні ел аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыстан келген циклон және оған байланысты атмосфералық фронттық жүйелер Қазақстанның бүкіл аумағында өз ықпалын сақтайды.
Қар жауып, боран соғады. Елдің солтүстігінде қалың қар жауады. Ал батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі, – деп жазылған "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшейеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Өзгелердің жаңалығы