20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы атлантикалық циклонның онымен байланысты атмосфералық фронттармен байланысты болады. Соған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты жел 30 м/с және одан жоғары күшейеді.Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының кей жерінде түнде жел 15-20, күндіз 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теңіз көлігі саласындағы мемлекеттік қызметтер оңтайландырылады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы