20 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Солтүстік-батыс циклонының жырасы ҚР территориясының басым бөлігінде найзағаймен жаңбыр, желдің күшеюін, солтүстік-батыста бұршақ, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл алып келетін болады.
Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын болады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Жетісу облыстарының батысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.