20 сәуірден бастап банктер сағат 16:00-ге дейін жұмыс істейтін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 20 сәуірде астана мен Алматы қалаларында қандай секторлар жұмысын жалғастыратынын айтты.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 20 сәуірден бастап қандай секторлардағы кәсіпорындардың жұмысын жалғастыратынын ұсынды. Алдымен, өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындар, одан кейін құрлыс саласындағы кәсіпорындар. Үшіншіден, қыстан кейін жолдарды жөндейтін асфальт-бетон зауыттары. Төртіншіден, зейнетақы мен жәрдемақы беру үшін екінші деңгейдегі банктер. Олар сағат 16.00-ге дейін қысқа жұмыс кестесімен жұмыс істейді, - дейді Дәурен Абаев.Сонымен қатар, қосалқы қызмет көрсету секторының кейбір ұйымдары. Мысалы:
- Химиялық тазалау және кір жуу орындары;
- Шиномонтаж, арнайы техникаларды жөндеу және көлік жуу станциялары ашылады.
Қоғамдық тамақтану орнынан тамақ жеткізу мүмкіндігін кешкі сағат 10-ға дейін ұзарту ұсынылды.Осылайша, барлық аталған кәсіпорындар бойынша 90-100 мыңға жуық адам жұмысын жалғастырады. Бұл Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін халықтың шамамен 20%-ын құрайды, - дейді министр.
Алматы қаласындп өнеркәсіптің барлық салалары – қоймалау, құрылыс, екінші деңгейдегі банк қызметкерлерінің 50% дейін, қызмет көрсету саласының кейбір секторлары толық жұмыс күні режиміне көшеді.
Оның айтуынша, Алматы қаласында 128 мың адам жұмысын жалғастырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
20 сәуірде карантинге жабылған бірқатар мекеме ашылады
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы