-20: Қар аралас жауын жауып, дауыл соғады
Синоптиктер 21 наурызда Қазақстанның 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ақмола облысында түнде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанады. Түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақмола облысында 21-24 наурыз аралығында өзендердің жоғарғы ағысынан, жазықтар мен жылғалардан еріген қар ағынының келуіне байланысты облыс өзендерінде су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Көкшетауда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Астанада аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Петропавлда көктайғақ, тұман болады, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Абай облысында 21-24 наурыз аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан елдімекендерде су жайылу мен су басу қаупі бар. Семейде күндіз жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түнде және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында 21-24 наурыз аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болжамына, сондай-ақ жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты қардың қарқынды еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі, еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан елдімекендерде су жайылу мен су басу қаупі бар. Өскеменде түстен кейін жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түнде және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.
Түнде Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында да көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Жезқазғанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады деп күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні -15 м/с. 2025 жылдың 21-26 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. 2025 жылғы 21-23 наурыз аралығында жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарлауына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, соның салдарынан елдімекендерде су жайылу мен су басу қаупі бар.