20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
2026 жылғы 20 қаңтар, сейсенбіде Қазақстандағы ауа райы атмосфералық фронттардың әсерінен қалыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сонымен, метеорологтар ұсынған ақпаратқа сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қар жауады, ал солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда боран соғады.
Сонымен қатар, республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа тұман, көктайғақ және желдің күшеюі жатқызылады, бірқатар өңірде жолдар жабылуы мүмкін.
Қатты аяз бірқатар аймақта сақталады.
Мысалы, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында сынап бағаны -40°C дейін төмендейді.
Ал Жетісу облысының солтүстік және таулы аудандарында ауа температурасы: -22...-27°C, ал Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында сынап бағаны -22°C шамасында болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстан ЮНЕСКО-ның ЖИ бойынша үздік тәжірибелерін енгізуде
Өзгелердің жаңалығы