20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

20 қаңтарда Қазақстанның басым аумағына кең антициклонның ықпалы сақталады. Соған байланысты жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының құбылмалы сипаты байқалады. Онымен қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. Республиканың оңтүстік-шығысында қалың қар жауады. Елдің барлық аумағында тұманды болады.

Синоптиктер барлық дерлік өңірде – Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Абай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ескерту жариялап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы